Кен орны

«Ақтөбе кенсіз материалдар комбинаты» ЖШС Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы аумағында орналасқан «Ақтасты» кен орнында әктас өндіру жүргізуге Ақтөбе облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен (Құзыретті орган) 1995 жылғы 15 қарашадағы №3/95 Келісім-шарт жасалды.

«Ақтөбе кенсіз материалдар комбинаты» ЖШС Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы аумағында орналасқан «Шолақсай» кен орнында құрылыс құмын өндіру жүргізуге Ақтөбе облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен (Құзыретті орган) 1995 жылғы 9 қарашадағы №5/95 Келісім-шарт жасалды.

«Ақтөбе кенсіз материалдар комбинаты» ЖШС Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы аумағында орналасқан «Георгиевский» кен орнында құмды-қиыршық тас қоспасын өндіру жүргізуге Ақтөбе облысының Табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен (Құзыретті орган) 1998 жылғы 19 қазандағы №37/98 келісім-шарт жасалды.

Барлық келісімшарттық міндеттемелер жер қойнауын пайдалану туралы заңнамаға сәйкес уақтылы және толық көлемде орындалады.